2027 жылы 20 000 теңгелік жаңа банкнота айналымға енгізіледі, бұрынғысы қатар қолданыста қалады
Қазақстанда жоғары номиналды ақша белгілерін жаңарту жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2027 жылы айналымға 20 000 теңгелік жаңа банкнота енгізіледі.
Тимур Сүлейменов мәліметінше, жаңа банкнота толық дайын, оның дизайны да көпшілікке таныстырылған. Алайда оны айналымға шығару бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда, банкноттарды басып шығару, екінші деңгейлі банктерді бейімдеу және банкомат желісін жаңарту жұмыстары қажет.
Осы себепті жаңа ақша бірден емес, келесі жылы сәл кешігіп енгізіледі. Қолданыстағы 20 000 теңгелік банкноталар бірден алынбайды — олар жаңа үлгімен қатар айналымда жүреді. Бұл қолма-қол ақша айналымындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Ұлттық банк басшысы атап өткендей, аталған қадам арқылы елдегі банкноттар қатары толық жаңарып бітеді.
Монеталарды жаңарту мәселесіне келсек, әзірге нақты шешім қабылданбаған. Бұл бағытта түрлі жоспарлар қарастырылып жатқанымен, ресми деңгейде бекітілген өзгерістер жоқ.