09.09.2019, 14:10
Жаңалықтар
«ҚазАвтоЖолдың» облыстық филиал директорына қатысты тергеу амалдары басталды
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры мансабын асыра пайдаланды деп айыпталып отыр
Фото: sport.gov.kg
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалы директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол «Нұр-Сұлтан-Қарағанды-Балқаш-Алматы» автомобиль жолы мен «Анар-Осакаровка» жолы учаскесін қайда жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалмаса да атқарылған жұмыстар актісіне қол қою арқылы өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Яғни, осы әрекеті арқылы мемлекетке 300 млн теңгеден астам шығын келтірген.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығарады.
Көп оқылған
02.08.2026, 18:00
Оралдағы жол апаты: 4 қызын жалғыз өсіріп отырған әке қаза тапты
02.08.2026, 06:37
АҚШ Иранға салмағы бір тоннаға жуық авиабомба тастады
02.08.2026, 16:15
3 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
02.08.2026, 07:19
Жаңбыр, найзағай: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
02.08.2026, 15:35
Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
02.08.2026, 11:08
Алматыда ондаған түйіншек есірткісі бар күдікті ұсталды (ВИДЕО)