Ливан мен Израиль бітімді үш аптаға ұзартты – Трамп
АҚШ Ливанға «Хезболладан» қорғануға көмектесу үшін жұмыс істейді
Ливан мен Израиль арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақ үй басшысының айтуынша, мұндай шешім Оваль кабинетінде Израиль мен Ливанның жоғары лауазымды өкілдерімен өткен кездесуден кейін қабылданған.
«АҚШ Ливанға «Хезболладан» қорғануға көмектесу үшін жұмыс істейді», – деп жазды Трамп өзінің Truth Social парақшасында.
Сондай-ақ ол жақын уақытта Вашингтонда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Ливан президенті Джозеф Аун қабылдауды жоспарлап отырғанын айтты.
Еске сала кетейік, 16 сәуірде Трамп Израиль мен Ливан 10 күнге бітім жасағанын хабарлаған. Бұған дейін Ақ үйде екі ел арасында соңғы 34 жылдағы алғашқы екіжақты келіссөздер өткен еді.