Тұман мен жаңбыр: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жел күшейеді деп күтілуде

Тұман мен жаңбыр: Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер 24 сәуірге Алматыда және Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялады. Найзағайлы жаңбыр, бұршақ, тұман күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, батысында, солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Түнде оңтүстігінде, шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Көкшетауда желдің екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда жел 15–20 м/с, екпіні 25 м/с.

Қостанай облысында түнде солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысында түнде батысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстігінде, шығысында екпіні 15–20 м/с. Түнде солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Қарағанды облысында түнде шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман.

Ұлытау облысында күндіз оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз солтүстігінде оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, найзағай, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, түнде шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде жаңбыр, найзағай.

Абай облысында жаңбыр, найзағай болады. Түнде және таңертең орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде жаңбыр, найзағай.

Алматы облысында түнде оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с, шығысында, таулы аудандарда түнде кей уақытта 23–28 м/с. Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, желдің екпіні 15 м/с. Қонаевта түнде жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с.

Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, түнде таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан соғып, шығысында екпіні 15–20 м/с, түнде кей уақытта 23–28 м/с. Солтүстігінде, шығысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жаңбыр, найзағай.

Жамбыл облысында солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Таразда түнде жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай болады. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 15–20 м/с.

Атырау облысында күндіз солтүстік-батысында, шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.

Маңғыстау облысында күндіз солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай болады. Батысында, орталығында тұман. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстікке ауысады, екпіні 15–18 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман.