$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2020, 03:41
Жаңалықтар

Алматы ауруханаларына күніне 200-ден астам науқас пневмониямен түседі

Өткен жылмен салыстырғанда пневмониядан қайтыс болғандар саны артқан

Алматы ауруханаларына күніне 200-ден астам науқас пневмониямен түседі
Фото: ашық жереккөзден

Алматыда тәулігіне 100-ден 220 науқасқа дейін пневмониямен ауруханаға жатқызылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыда ЖРВИ және пневмония диагнозы қойылған науқастардың саны көбейді. Өсім мамыр айының екінші жартысынан бері байқалады. Тәулігіне 100-220 науқас пневмониямен түседі», - делінген басқарманың хабарламасында.

Ведомстводағылар өткен жылмен салыстырғанда пневмониядан қайтыс болғандардың көбейгенін атап өтті.

«Осы жылдың 6 айындағы өлім деңгейін өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы көрсеткіш 5,3 пайызға өсті. Жалпы өлім себебіне келсек, қан айналым жүйесінің ауруларынан кейін тыныс алу органдарымен байланысты өлім екінші орында тұр. Бұл жалпы қайтыс болғандардың 17,2 пайызы», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары