Жол 1 қыркүйекке дейін толық жабылатын болды
Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы маңында жол құрылысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жоба аясында «Syganaq» бизнес орталығы мен «Есіл» тұрғын үй кешені арасындағы жол учаскесі 26 сәуірден 1 қыркүйекке дейін толық жабылады.
Хабарламаға сәйкес, бұл аумақта көше салу және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіледі. Жүргізушілерге алдын ала қозғалыс бағытын жоспарлап, балама маршруттарды пайдалануға кеңес беріледі.