Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Автор: Асыл Арман

Ол бұл қызметке биыл қаңтар айында кіріскен

Фото: gov.kz

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі KASE-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім биыл 7 сәуірде қабылданған.

Айта кетейік, Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне биыл қаңтар айында енген болатын.

Осыған дейін ол «Самұрық-Қазына» қорындағы қызметінен айырылған болатын.