Ферроқорытпа зауытында қайғылы оқиға болды
Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2026 жылғы 20 сәуірде металл ұсату жұмысы кезінде Ақсу ферроқорытпа зауытында жазатайым оқиға болды. Ұсатушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабар беріліп, тергеу басталды», – деп мәлімдеді «Қазхром» ТҰК» баспасөз қызметі.
Компания басшылығы қаза тапқан азаматтың отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.