Жалын 45 шаршы метр аумақта таралып үлгерді
Теміртауда шайыр өңдеу цехында өрт шығып, құтқарушылар ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, өрт өндірістік нысандағы ректификациялық колоннада, 10 метрден астам биіктікте тұтанған. Онда шайыр, антрацен фракциялары, сондай-ақ нафталин және майлы қалдықтар жанған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел штаб құрып, жоғары қысыммен су беру мен арнайы техниканы жұмылдырған. Құтқарушылардың айтуынша, өрттің таралуына жол берілмей, жарылыс қаупі дер кезінде сейілген. Жалпы, 45 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөнді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ.