Ертең Алматының бірқатар ауданында суық су өшіріледі
Бұл хабарлама қаланың бірқатар ауданына қатысты
Алматыда 21 сәуір күні бірқатар ауданда суық су уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Алматы су» мекемесі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметке сәйкес, ертең сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру жұмысына байланысты сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру шектеледі.
Шектеу енгізілетін аумақтар қатарында Алмалы ауданындағы «12 месяцев», «Райымбек парк», «Life Town», «Seyfullin» тұрғын кешендері, сондай-ақ Индустриальная және Алексеева көшелеріндегі үйлер бар. Жетісу ауданында су беру Райымбек даңғылы – Төретай көшесі –Сейфуллин даңғылы – Булкушев көшесі аралығымен шектеледі.
Коммуналдық қызмет өкілдерінің айтуынша, бұл жұмыс жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта сумен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Осыған дейін Алматыда 20 сәуір мен 6 мамыр аралығында сегіз ауданның жылу желілеріне сынақ жүргізілетіні де хабарланған.