$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2020, 14:55
Жаңалықтар

Алматыда дәрілерді заңсыз сатудың 44 фактісі анықталды

Сонымен қатар дәрі-дәрмек бағасын заңсыз көтерудің 28 фактісі тіркелді

Алматыда дәрілерді заңсыз сатудың 44 фактісі анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Прокуратураның жедел қызметкерлері, әкімдік, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметі  өкілдері енген мобильді топтар топтар дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру және олардың бағаларының көтерілу фактілерін анықтап, жолын кесу, сонымен бірге, күшейтілген карантин режиміне байланысты басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мобильді топ тұрақты түрде әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа мониторинг жүргізеді. Мониторинг жүргізу барысында Әуезов ауданының прокуратура қызметкерлері танымал Telegram мессенджері арқылы жеке тұлғаның дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады. Қорытынды сатып алу нәтижесі бойынша Әуезов ауданының криминалды полицияның жедел әрекет ету қызметкерлері жоғарыда аталған дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асырмақ болған М.есімді азаматты ұстады. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.

«Жалпы алғанда, Алматы қаласының мемлекеттік құқық қорғау органдарымен осы сынды 44 құқықбұзушылық анықталды, олардың 16-сы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған құқықбұзушылар өкілетті органдармен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Тәркіленген медикаменттер және медициналық өнімдер балалар инфекциялық ауруханасына тапсырылғанын атап өткен жөн», - деп жазылған ақпаратта.

Сонымен бірге, қала дәріханаларында дәрілік құралдардың бағасын заңсыз көтерудің 28 фактісі анықталды, қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ҚРӘҚтК 426-бабы бойынша 6 субъектті әкімшілік жауапкершілікке тартты, 22 материал қаралуда.

Прокуратура осы салада бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтардан назар аударуды және келесі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды.

- дәріханаларда дәрілік препараттар бағасының көтерілу фактілері бойынша Алматы қаласының Прокуратурасы 265-03-03 (кезекші немесе осыған жұмылдырылған көмекшілердің номерлері); 

- дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру (алыпсатарлық) фактілері бойынша Алматы қаласы бойынша  Экономикалық тергеу департаменті 279-29-56  және Алматы аласының Полиция департаменті 254-40-42;

- медициналық қызметкерлер тарапынан дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру фактілері бойынша Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаменті 278-73-00.

Серіктес жаңалықтары