Министр ТЖМ жүйесінде авиацияны дамыту басым бағыт екенін атап өтті
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар қаласындағы «Қазавиақұтқару» АҚ авиация жасағының жұмысымен танысты. Бұл нысанда пайдалануға берілген 14 жыл ішінде алғаш рет ауқымды реновация жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр ТЖМ жүйесінде авиацияны дамыту басым бағыт екенін атап өтті. Авиациялық жасақтар төтенше жағдайларға жедел әрекет етуде, құтқару операцияларының ұтқырлығы мен тиімділігін қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады.
Жаңғырту жұмыстары аясында не істелді?
Бұл шаралар қызметкерлер үшін жайлы жағдай жасап қана қоймай, нысанның пайдалану сипаттамаларын айтарлықтай жақсартты.
Қазіргі уақытта Павлодар базасында ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшағы жыл бойы тұрақты кезекшілікте тұрады.
Бұл техника:
1. Жетуі қиын аудандардағы төтенше жағдайлардың алдын алуға;
2. Санитарлық авиация желісі бойынша науқастарды тасымалдауға қолданылады.
Ұшу және инженерлік-авиациялық құрам қызметкерлері техниканың кез келген уақытта ұшуға дайын болуын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы кезекшілік етеді.
Сапар барысында Шыңғыс Әрінов Павлодар әуежайын реконструкциялау аясында жаңа авиациялық ангар құрылысына арналған учаскені де тексерді. Жаңа жоба МИ-8 секілді ауыр кластағы тікұшақтарды орналастыруға және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған.
Бұл өңірдегі құтқару жұмыстарының ауқымын кеңейтуге және ірі өрттер мен табиғи апаттар кезінде көмекті жеделдетуге мүмкіндік береді.