Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қиылыс уақытша жабылады
Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлауы керек
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше маңызды қиылыс уақытша жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 19-21 сәуір аралығында Республика даңғылының бойындағы орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты мына қиылыстарда қозғалыс жартылай шектеледі:
- Республика даңғылы мен А. Иманов көшесінің қиылысы;
- Республика даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысы;
- Республика даңғылы мен Абай даңғылының қиылысы.
Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аталған учаскелерде уақытша жол белгілері орнатылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмас үшін және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында өз бағыттарын алдын ала белгілеп алуды сұраймыз», — делінген ресми хабарламада.
Мамандар жол төсемінің сапасын жақсартуға бағытталған бұл шаралардың маңыздылығын атап өтіп, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.