Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөз алаңын ұсынуға дайын — СІМ

Автор: Дәулет Ботагөз

Министр Астананың бітімгершілік позициясын нақтылады

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Анталия дипломатиялық форумы аясында өткен жиында Астананың бітімгершілік позициясын нақтылады. Еліміз Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру үшін дипломатиялық келіссөздер орталығы болуға ниетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бесінші Анталия дипломатиялық форумы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысы өтті. Басты назар — аймақтық қауіпсіздік пен Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтату.

Ермек Көшербаев Қазақстанның кез келген жанжалды тек қана саяси-дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын жеткізді. Министр еліміздің бітімгершілік тәжірибесі мол екенін және қажет болған жағдайда тараптарға келіссөз алаңын ұсынуға әзір екенін атап өтті.

Түркістан саммитінен не күтеміз?

Министр өз сөзінде биылғы жылдың мамыр айында Түркістанда өтетін ТМҰ бейресми саммитіне ерекше тоқталды.

Мақсаты: Ұйымның рөлін күшейту;

Басымдық: Ұйым мүшелерінің ынтымақтастығын нығайту.

Форум аясында СІМ басшысы бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Олардың қатарында Люксембург, Боливия, Литва, Гвинея-Бисау Сыртқы істер министрлері және ЕО-ның адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі бар. Кездесулерде көпжақты серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.