Онда атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналуы мүмкін
19 сәуір күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Сондай-ақ атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ауаның ластану деңгейі мына қалаларда жоғары болады:
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл зиянды заттардың ауада сейілмей, жерге жақын қабатта жиналуына ықпал ететін факторлар жиынтығы. Оған әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай кезде өндіріс орындары мен көліктен бөлінетін түтін ауада тұрып қалады.
Ауа сапасы нашарлаған кезде мамандар келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Тас жолдарға және өндіріс орындарына жақын маңда ұзақ жүрмеген абзал.
2. Тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары аурулары бар немесе аллергиясы бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі тиіс.
3. Физикалық жаттығуларды үйдің ішінде жасаған дұрыс.