Солтүстік Қазақстанда құрғақ шөптен тұтанған өрт 7,7 гектар аумақты шарпыды
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында ашық аумақта тұтанған өрт орман алқабына таралу қаупін туғызды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңалық ауылы маңында басталған тілсіз жау қысқа уақытта күшейіп, 7,7 гектар аумақты қамтыған. Өрттің жылдам өршуіне екпінді жел себеп болған. Соған қарамастан, оқиға орнында жедел штаб құрылып, сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ерікті жасақтар тартылған.
Жағдайды бақылауда ұстау үшін оқиға орнынан дағдарыс орталығына бейнеконференция арқылы байланыс орнатылып, барлық қызметтің іс-қимылы үйлестірілген. Соның нәтижесінде өрт толық сөндіріліп, орман алқабы аман сақталды.
Зардап шеккендер жоқ.