$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2020, 12:28
Жаңалықтар

Атырау облысында 8 дәріханаға айыппұл салынды

Сонымен қатар дәрілерді қымбатқа сатқан 30 дерек анықталды

Атырау облысында 8 дәріханаға айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында 8 дәріханаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокурорының өкімімен құқық қорғау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы дәрілерді шекті бағасын қымбатқа сатқан 30 деректі анықтаған. Уәкілетті орган 8 дәріхананың әрқайсысына 361 140 теңге көлемінде айыппұл салып, әкімшілік жауапқа тартты.

«Сонымен қатар прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың заңсыз айналымына қатысты 6 деректі анықтады. Оның ішінде дәрі-дәрмекті жоғары бағамен үйден заңсыз сату және тиісті тіркеусіз сату бар. Тергеп-тексеру кезінде заңсыз айналымнан 7 500 препарат, 180 мың медициналық бетперде алынды», - деп жазылған хабарламада.

Заңсыз айналымнан алынған дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар денсаулық сақтау ұйымдарына тарату үшін облыстық Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары