Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 сәуірде президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.