16.04.2026, 10:36
Жаңалықтар
Қазақстанда биыл көпқабатты 650 тұрғын үй жөнделеді
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр
Фото: istockphoto.com
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биыл көпқабатты 650 тұрғын үйге жөндеу жүргізетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту және реновациялау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралар азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және қалалық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған.
«Аталған шараларды іске асыру тұрғын үйлердің қауіпсіздігін арттыруға, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және қалалық заманауи, жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңарту аясында 2026 жылы 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды