Жамбыл облысында жер үйдің қорасынан екі оқушы ұлдың мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысының Қордай ауданында екі бозбаланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, жасөспірімдер суицид жасаған болуы мүмкін. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген облыстық ПД хабарламасында.