Шетелде оқуы бар: Астанада жас жігіт есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды (ВИДЕО)
Астанада жас жігіт есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада жас жігіт есірткімен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, 21 жастағы ер адам шетелде білім алып жүрген. Алайда студент заңсыз жолмен табыс табуды көздеген. Жедел іс-шаралар барысында ол полиция қызметкерлерімен тексеру үшін тоқтатылды.
Жеке тінту кезінде күртесінің ішкі қалталарынан жасыл изолентамен оралған төрт ірі орама табылып, тәркіленді. Олардың ішінде өзіне тән иісі бар ұнтақ тәрізді зат салынған қаптамалар болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат – жалпы салмағы 500 грамнан асатын альфа-PVP есірткісі екені анықталды.
Кейінгі іс-шаралар барысында күдіктінің тәуліктік жалға берілетін пәтер жалдап, онда осыған ұқсас қосымша есірткі партиясын сақтағаны анықталды. Аталған пәтерден шамамен жарты килограмм есірткі табылып, тәркіленді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. «Жеңіл табыс» табуға деген әрекет ауыр құқықтық салдарға алып келіп, болашақ өміріңізді құртуы мүмкін. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге бармауға шақырамыз», – делінген ПД хабарламасында.