МӘМС-тің қаражаты скоринг жүйесі арқылы бақыланады – Ержан Біржанов

Енді медициналық сақтандыру бойынша қаржы ағындары қатаң тексеріледі

МӘМС-тің қаражаты скоринг жүйесі арқылы бақыланады – Ержан Біржанов
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (МӘМС) орынсыз шығындарды қысқарту жұмыстары күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, басты назар цифрландыруға аударылып отыр. Қазір Qalqan бірыңғай платформасы іске қосылып, ол Денсаулық сақтау және Қаржы министрлігінің бірқатар дерекқорларымен толық интеграцияланған. Бұл жүйе қаржы ағындарын қатаң бақылауға мүмкіндік береді.

«Бірнеше платформамен интеграция жүргізу арқылы арнайы скоринг жүйесі енеді. Соның нәтижесінде негізсіз төлемдердің алдын алу мүмкіндігі артты», – деді вице-министр.

Сондай-ақ, ведомство қаржылық өкілеттіктерді де орталықтандыруға кіріскен.  

Ержан Біржановтың сөзінше, бүгінгі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауқымды реформалау кезеңінде. Қордың өңірлік бөлімшелерінде қызметкерлер саны көп болғандықтан, алдағы уақытта құрылымды оңтайландыру көзделіп отыр.