KASE-дегі доллар бағамы өсті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 476,97 теңгені құрап, 1,92 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 14 сәуірге белгіленген ресми доллар бағамы – 474,9 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 475,46 теңгені, сату бағамы 477,7 теңгені құрайды.
Астанада айырбастау орындарында долларды орта есеппен 471 теңгеден сатып алып, 478 теңгеден сатып жатыр.
Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 475,39 теңге болса, сату бағамы 477,46 теңгені құрап отыр.