Қарсы жолаққа шығып, «қызыл» түстен өткен: Шымкентте той кортежін өткізгендер көлігінен айырылды (ВИДЕО)

Шымкентте жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды

Қарсы жолаққа шығып, «қызыл» түстен өткен: Шымкентте той кортежін өткізгендер көлігінен айырылды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте той автокортежінің жүргізушілері жол ережелерін бірнеше мәрте бұзып, өзгелердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген.

Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқық бұзушылықтар тоқтатылды.

«Барлық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Полиция ескертеді: жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейді. Қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады», – делінген ПД хабарламасында.