Астанадағы қайғылы өрт: зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр

Автор: Алмас Ерсін

Өрт орнында жедел жәрдемнің үш бригадасы жұмыс істеп, әйел шұғыл ауруханаға жеткізілді

Фото: Әсет Құндақбаев

Елордада үш бала қаза тапқан тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанадағы өрт орнында жедел жәрдемнің үш бригадасы жұмыс істеген.

Зардап шеккен әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде екені белгілі болды.

Ол жедел түрде №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер әйелден 2–3 дәрежелі күйік шогын анықтаған.

Қазіргі уақытта науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдауда. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы өрттен үш баланың қаза тапқаны белгілі болды.

Сондай-ақ қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.