Әлем кубогі: Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан күміс медаль иеленді

Олар жалпы есепте 51,25 балл жинады

Әлем кубогі: Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан күміс медаль иеленді
Фото: ҰОК

Ташкент төрінде көркем гимнастикадан өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Топтық жаттығуларда бақ сынаған отандастарымыз күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық гимнасшылар көпсайыс бағдарламасында жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жалпы есепте 51,25 балл жинады.

  • Қытай құрамасы — 55,90 балл («алтын»);
  • Қазақстан құрамасы — 51,25 балл («күміс»);
  • Беларусь құрамасы — 51,10 балл («қола»).

Ел намысын абыроймен қорғаған құрамда алты спортшы өнер көрсетті. Олар: Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мәдина Мырзабай. Спортшыларымыздың үйлесімді қимылдары мен жаттығу күрделілігі төрешілер тарапынан жоғары бағаланды.

Бүгін, 12 сәуірде, жарыс жолы жалғасады. Спортшылар жекелеген жаттығу түрлері бойынша финалда бақ сынайды.