Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлем чемпионатының финалына шықты

Құрама мерзімінен бұрын жолдама алды

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен Billie Jean King Cup турнирінің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Канадамен өткен текетірестің тағдырын Юлия Путинцева мен Бианка Андрееску арасындағы кездесу шешті. Корттағы тартыс 3 сағат 39 минутқа созылып, екі спортшының да мансабындағы ең ұзақ ойындардың біріне айналды.

Бірінші сетте Путинцева алғашқы минуттан ширақ қимылдап, тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5).

Екінші ойында Канадалық теннисші есепті теңестірді – 6:3.

Шешуші кезеңде де жеңімпаз тек тай-брейкте анықталды. Путинцева 7:6 есебімен жеңіске жетті.

«Бұл жеңіс команданың және елдің ортақ жетістігі. Финалға шығу біз үшін үлкен мәртебе», - дейді сарапшылар.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Канаданы жалпы есепте артта қалдырып, турнирдің финалдық кезеңіне ресми түрде өтті. Енді біздің теннисшілер 2026 жылдың күзінде өтетін әлемдік додада бақ сынайды.