12.04.2026, 01:17
Жаңалықтар
Қазақстандық гимнастар Хорватиядағы Әлем кубогі кезеңінде екі медаль жеңіп алды
Зейнолла Ыдырысов күміс, Нариман Курбанов қола жүлде алып, Қазақстан қоржынына екі медаль салды
Фото: ҰОК
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасы Осиекте (Хорватия) өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде екі медальға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Отандастарымыз екі жүлдені де ат снарядындағы жаттығуда жеңіп алды.
Күміс жүлдені Зейнолла Ыдырысов иеленді. Ол финалда 14,600 ұпай жинады. Ал Нариман Курбанов 14,000 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Армениялық Гамлет Манукян 14,733 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Айта кетейік, Милад Карими де финалға жолдама алды. Ол кермедегі жаттығуда медаль үшін сынға түседі.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)