12.04.2026, 00:12
Жаңалықтар
Каспий тағы да сілкінді: бір айда сегізінші рет жер сілкінісі тіркелді
Сілкініс ошағы Ақтаудан 570 шақырым жерде орналасқан
Фото: istockphoto.com
Каспий теңізі акваториясында сейсмикалық белсенділік әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ай басынан бері мұнда сегіз жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Кезекті жер асты дүмпуі 11 сәуір күні таңертең болды. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, ол жергілікті уақытпен сағат 08:47-де тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,3 болған, ал ошағы шамамен 32 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Ақтаудан шамамен 570 шақырым қашықтықта болған.
Мамандар өңірдегі белсенділік сақталып отырғанын айтып, жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты