09.04.2026, 00:22
Жаңалықтар
Алматы маңында жер сілкінді
Жерасты дүмпулері түнгі сағат 11-ге таман тіркелді
Фото: istockphoto.com
Алматы облысы Іле ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуір күні Астана уақытымен 22:55-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 117 шақырым жерде орналасқан.
Сезілуі бойынша: Алматы облысы, Құрты ауылы – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)