Жер сілкінісінің ошағы Баку қаласына қарама-қарсы тұста орналасқан
Каспий теңізі акваториясында 7 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 03:35-те магнитудасы 3,2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
Жер сілкінісінің ошағы Каспий теңізінің Баку қаласына қарама-қарсы тұста, 72 шақырым тереңдікте орналасқан.
Айта кетейік, осыған дейін Tiktok-та Ақтауда жер сілкінетіні туралы видео тараған болатын.