Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: ZEEKR жүргізушісі қамауға алынды

Автор: Асыл Арман

Жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапқан болатын

Фото: t.me/ Kozachkov offside

Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына күдікті деп танылған ZEEKR жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп танылған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды.

Осыған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған және соттың санкциясымен қамауға алынған.

Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстауды жалғастыру үшін тергеу изоляторына жеткізілді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Айта кетейік, 21 наурыз күні жантүршігерлік жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапқан. Осы жағдайдан кейін полицияның бірқатар басшысы жұмысынан қуылған.