07.04.2026, 09:58
Жаңалықтар
Ақтөбеде құтқарушылар балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу үшін дрон қолданатын болды (ВИДЕО)
Қауіпсіздік ережелері туралы ескертулер берілді
Фото: istockphoto.com
Актөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында дрондарды қолдана отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, дрон арқылы көпқабатты тұрғын үйлердің маңында арнайы дауыс зорайтқышпен қауіпсіздік ережелері туралы ескертулер берілді.
Тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге қорғаныс құралдарын орнату және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.
«Іс-шараның мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру», – делінген ведомство хабарламасында.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды