Атырауда 7 жасар қыз баланы мектеп жанында көлік қағып кетті: бүлдіршін сол жерде көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Оқиға 6 сәуір күні таңертең болды

Фото: «Ақ Жайық»

Атырау қаласындағы Нұрсая шағынауданында 6 сәуір күні таңертең Әл-Фараби атындағы Binom мектебінің дәл алдында автокөлік жеті жасар қыз баланы қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Бала жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.