Астана әкімі жаңа саябақтардың құрылысы туралы айтты
Елордада қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды абаттандырудың ауқымды жұмысы басталды. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа демалыс орындары мен саябақтардың құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімнің айтуынша, биыл «Мыңжылдық» аллеясында бірден үш маңызды нысан қолға алынады. Бұл болашақта қаланың басты нүктелерін біріктіретін үлкен саябақтың бастамасы болмақ.
Олар:
Қалада Greenline жаяу жүргіншілер желекжолының екінші кезеңі жалғасуда. Мұнда ойын және спорт аумақтары мен демалыс орындары салынады. Сонымен қатар, қаланың басты даңғылдары — Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Момышұлы және Ұлы Дала бойында жаяу жүргіншілерге басымдық беріліп, кедергісіз орта қалыптаспақ.
Елорданың барлық ауданын қамтитын абаттандыру жұмыстарының тізімінде мына нысандар бар:
«Соңғы жылдары Астанада 500-ге жуық қоғамдық кеңістік пен аула жөнделді. Біз абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.