Түркістанда бірнеше күннен бері іздестірілген 2 жастағы қыздың денесі өзеннен табылды

Автор: Алмас Ерсін

Іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылып, жоғалған сәбидің денесі оқиға орнынан 7 шақырым төмен жерден анықталды

Фото: © freepik.com

4 сәуірде Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Машат елді мекенінде Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің алдын ала мәліметінше, қыз бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.

Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған.

Еске салайық, Түркістан облысында 2018 жылы туған баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бала ойнап жүріп, өзенге құлап кеткені айтылған.