04.04.2026, 22:17
Жаңалықтар
Талдықорғанда ірі зауыттан өрт шықты (ВИДЕО)
Құтқарушылар оттың жарылыс қаупі бар бөшкелерге таралуына жол бермеді
Фото: ҚР ТЖМ
Талдықорғанда шыныпластик құбыр шығаратын зауыт аумағында өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт туралы хабарлама 4 сәуір күні сағат 18:00-де түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде зауыт цехында диаметрі 2 метр, ұзындығы 15 метр болатын, шынымақтамен қапталған үш құбыр жанып жатқаны анықталған.
«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында оттың шайыр ерітіндісі құйылған, жарылыс қаупі жоғары бөшкелерге таралуына жол берілген жоқ. Өрт 50 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
04.04.2026, 16:47
«18 адам қаза тапты»: Семейде шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан әйел айыппұл арқалады
04.04.2026, 10:33
Алматыда алаяқтарға алданған зейнеткер екі пәтерінен айырылды
04.04.2026, 11:39
Алматыда қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған офицер сотталды
04.04.2026, 17:34
БҚО-да ауыл тұрғындарының тіркелген мекенжайлары ауысып кеткен
04.04.2026, 07:16
Жаңбыр, бұршақ, дауыл: Қазақстанда ауа райы күрт бұзылады
04.04.2026, 08:28
Ақтөбе облысында жоғалған баланы бес күннен бері іздеп жатыр