Текелі қаласында жер сілкінді

Автор: Алмас Ерсін

Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметі бойынша, жер дүмпуі 4 сәуір күні Астана уақытымен 12:40-та Текелі маңында тіркелген

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында Текелі қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 50 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның Ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Қазақстандық деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, жерасты дүмпуі 2026 жылғы 4 сәуір күні Астана уақытымен 12:40-та, ал Гринвич уақыты бойынша 07:40-та тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 44,78 және шығыс бойлықтың 79,66 градусында орналасқан. Жер дүмпуінің магнитудасы mb=3.7, энергетикалық класы K=8.6 деп көрсетілді.