Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл өңірлерде зиянды заттар ауаның төменгі қабатында жиналады
4 сәуір күні еліміздің жеті қаласында ауа күрт ластанады. Синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, сенбі күні атмосфералық ауаның жағдайы келесі қалаларда нашарлайды: Алматы; Атырау; Ақтөбе; Павлодар; Өскемен; Риддер; Семей.
Бұл өңірлерде зиянды заттардың ауаның төменгі қабатында жиналуына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.
Қолайсыз метеожағдай деген не?
Қолайсыз метеожағдай – бұл баяу жел, тұман немесе инверсия секілді қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде өндіріс орындары мен көліктен бөлінетін улы заттар сейілмей, жерге жақын қабатта шоғырланып қалады.
Сақтық шаралары
Ауа сапасының нашарлауына байланысты қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтау керек:
1. Тас жолдар мен зауыттарға жақын жерлерде ұзақ жүрмеу;
2. Созылмалы ауруы бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін үнемі жанында ұстағаны абзал;
3. Ашық аспан астында спортпен шұғылданудан уақытша бас тартқан жөн.