Елдің оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісінің есептік қарқыны екі балл болды
Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісі Түркістан және Жамбыл облыстарында сезілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 3 сәуір күні Астана уақытымен 21:13-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Сезілу деңгейі туралы мәлімет
Түркістан облысында жер сілкінісінің есептік қарқыны екі балл болды:
Жамбыл облысында да жер сілкінісінің есептік қарқыны екі балл болды:
Тіркелген жер сілкінісіне байланысты Жамбыл облыстық ТЖД-де жедел желі телефондары іске қосылды.
Бұл өңірлерден зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.