Астанада айналмалы шолу дөңгелегі өртенді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Келушілер аттракционнан дер кезінде түсіріліп, қауіпсіз жерге шығарылды

Фото: ҚР ТЖМ видеосынан скриншот

Астанада Нұра ауданындағы Қорғалжын тасжолы бойында шолу дөңгелегінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері өрттің шолу дөңгелегінің орталық бөлігінде – электр қоректендіру қалқанында шыққанын анықтады.

Келушілер аттракционнан дер кезінде түсіріліп, қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сөндірушілер жалынды Vario backpack fire extinguishing system ранцтық өрт сөндіру жүйесі арқылы толық сөндірді.

Адамдарға қауіп төнген жоқ, оттың таралу қаупі де болмаған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Шолу дөңгелегі кейін қайтадан қалыпты режимде жұмысын жалғастырды.