3 сәуірге арналған бағам: 1 доллар – 470 теңге

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкінің 3 сәуірге арналған ресми доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 470,46 теңгені құрап, 1,96 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 3 сәуірге арналған ресми доллар бағамы 472,31 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 468,66 теңге, сату бағамы – 471,27 теңге. Астанада долларды орта есеппен 467 теңгеден сатып алып, 474 теңгеден сатып жатыр. Ал Шымкент қаласында долларды сатып алу орта есеппен 469,09 теңге болса, сату бағамы 471,16 теңгені құрайды.