03.04.2026, 10:42
Жаңалықтар
Алматыда ғылыми институттан 900 млн теңгеге жуық қаржы өндірілді: прокуратура себебін түсіндірді
Сондай-ақ 26 825 310 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді
Фото: Azattyq Rýhy
Алматы қаласының прокуратурасы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ қызметінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, паспортизациялау жұмысын жүргізу барысында мемлекетке залал келтірілген.
Прокуратураның талап қоюы бойынша сот тәртібімен мемлекет кірісіне 894 177 000 теңге мөлшерінде берешек, сондай-ақ 26 825 310 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.
«Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және прокуратура органдарының бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды