Көлік министрлігі арнайы хабарлама жариялады
Санкт-Петербург қаласында Халықаралық көлік-логистика форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасында ұшқышсыз көлік пен көлік саласындағы цифрлық технологияларды дамыту туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат көлік саласын цифрландыру, ұшқышсыз технологияларды енгізу және рұқсат беру мен тауар құжаттарын электрондық форматқа көшіру бойынша ынтымақтастықты реттейді.
Тараптар тәжірибе мен ақпарат алмасуды, бірлескен іс-шаралар өткізу мен заманауи цифрлық технологиялармен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды жоспарланып отыр.