KASE-де доллар бағамы тағы төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 478,77 теңгені құрап, 2,7 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 31 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 481,54 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 476,57 теңге, ал сату бағамы – 479,1 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 475,03 теңгеден сатып алып, 482,03 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкентте долларды орта есеппен 478,23 теңгеден сатып алып, 480,32 теңгеден сатуда.