ХҚКО мекенжайлары жаппай жаңарады: 1 сәуірден бастап қайда бару керек?

Автор: Мөлдір Қазыбай

Елорда мен өңірлерде кезекші ХҚКО-лар жаңа мекенжайға көшеді

Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі

Қазақстанда 30 наурыздан бастап Астанада, ал 1 сәуірден бастап бірқатар өңірлерде кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) мекенжайлары өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы:
Алматы ауданының 2-бөлімі — Тәуелсіздік даңғылы, 16/1
Сарыарқа ауданының 1-бөлімі — Ермек Серкібаев көшесі, 13
№1 арнайы ХҚО — Мұқанов көшесі, 2

Алматы қаласы:
Әуезов ауданының бөлімі — Жандосов көшесі, 51
Түрксіб ауданының бөлімі — Рихард Зорге көшесі, 9
№1 арнайы ХҚО — Саялы ықшам ауданы, Аққайнар көшесі, 1
№4 арнайы ХҚО — Кемел ықшам ауданы, Ақсуат көшесі, 118
Арнайы сектор — Жандосов көшесі, 51

Шымкент қаласы:
Тұран ауданының бөлімі — Мадели Қожа көшесі, 1Г
Қаратау ауданының 1-бөлімі — Т. Рысқұлов көшесі, 80
№1 арнайы ХҚО — Достық ықшам ауданы, 2343/1
№2 арнайы ХҚО — Асар-2 ықшам ауданы, 12Б

Абай облысы:
Семей қаласының 2-бөлімі — Бауыржан Момышұлы көшесі, 22
Арнайы ХҚО — Қаржаубайұлы көшесі, 249

Ақмола облысы:
Көкшетау қаласының 1-бөлімі — Әуезов көшесі, 189А
Арнайы ХҚО — Әуезов көшесі, 189А

Ақтөбе облысы:
Ақтөбе қаласының 1-бөлімі — Тургенев көшесі, 109
Арнайы ХҚО — Алтын Орда ықшам ауданы, 21Б

Алматы облысы:
Балқаш ауданы — Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 25А
Қонаев қаласының бөлімі — Қонаев көшесі, 41
Арнайы сектор — Қонаев көшесі, 41

Атырау облысы:
Атырау қаласының 2-бөлімі — Баймұханов көшесі, 16А
Арнайы ХҚО — Солтүстік өндірістік аймақ, 69

Шығыс Қазақстан облысы:
Өскемен қаласының 1-бөлімі — Сәтпаев даңғылы, 34/2
Арнайы ХҚО — Самар тасжолы, 23/1

Жамбыл облысы:
Әулиеата ауданының 1-бөлімі — Төле би көшесі, 89Г
Тараз қаласының №1 арнайы ХҚО — Төле би көшесі, 198А
№2 арнайы ХҚО — Қойгелді көшесі, 158А

Жетісу облысы:
Талдықорған қаласының бөлімі — Назарбаев көшесі, 67Б
Арнайы ХҚО — Нұрмағанбетов көшесі, 28

Батыс Қазақстан облысы:
Орал қаласының 1-бөлімі — Жамбыл көшесі, 81/2
Арнайы ХҚО — Жәңгір хан көшесі, 160

Қарағанды облысы:
Қарағанды қаласының 5-бөлімі — 21 ықшам аудан, 6/7
Арнайы ХҚО — Мұқанов көшесі, 5
Арнайы сектор — Тәттімбет көшесі, 709

Қостанай облысы:
Қостанай қаласының 1-бөлімі — Тәуелсіздік көшесі, 114
Арнайы ХҚО — Қарбышева көшесі, 12/10

Қызылорда облысы:
Қызылорда қаласының 2-бөлімі — Астана даңғылы, 46
Арнайы ХҚО — Тасбөгет ауылы, Жанадария жері, 91

Маңғыстау облысы:
Ақтау қаласының 1-бөлімі — 15 ықшам аудан, 67Б
Арнайы ХҚО — Өндірістік аймақ 9, учаске 57

Павлодар облысы:
Павлодар қаласының 1-бөлімі — Павлов көшесі, 48
Арнайы ХҚО — Космонавттар көшесі, 2

Солтүстік Қазақстан облысы:
Петропавл қаласының 1-бөлімі — Әуезов көшесі, 157
Арнайы ХҚО — Нефтепроводная көшесі, 7

Түркістан облысы:
Түркістан қаласының 2-бөлімі — Төле би көшесі, 65Б
Арнайы ХҚО — Қазыбек би көшесі, 51

Ұлытау облысы:
Жезқазған қаласының бөлімі — Абай көшесі, 140
Арнайы сектор — Сәтпаев көшесі, 6

Азаматтарға қызмет көрсету уақыты өзгеріссіз қалды: жұмыс күндері 09:00–20:00, сенбі күні 09:00–13:00. Арнайы ХҚО-ларда өтініштер 09:00–18:00 аралығында қабылданып, дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі.