Қазақстан қор биржасында доллар бағамы арзандады

Автор: Асыл Арман

KASE-де доллар бағамы төмендеді

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 481,54 теңгені құрап, 1,35 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкінің 30 наурызға белгіленген ресми доллар бағамы – 482,53 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 480,74 теңге, сату бағамы – 482,69 теңге.

Астанада долларды орта есеппен 477,04 теңгеден сатып алып, 484,04 теңгеден сатып жатыр.

Ал Шымкент қаласында долларды орта есеппен 481,7 теңгеден сатып алып, 483,73 теңгеден сатуда.