Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты газ уақытша өшіріледі
Тұрғындар газ апаттық газ крандарын алдын ала жауып қоюы қажет
Елордада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшеде газ беру тоқтатылады. Мамандар есептегіштер мен жабдықтардың бұзылуын болдырмау үшін газ крандарын жауып қоюды сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласы әкімдігінің Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, 30 наурыз күні сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жаңа газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосу жұмыстары жүргізіледі.
Тұрғындарға газ жабдықтарына зақым келтірмеу үшін үйдің сыртындағы, газ құбыры кіреберісінде орналасқан апаттық газ крандарын алдын ала жауып қою қажет. Жұмыс аяқталғанша сыртқы крандарды өз бетінше ашуға қатаң тыйым салынады.
«Бұл шара газ есептегіштері мен басқа да қондырғылардың істен шығу қаупін азайту үшін қажет», - делінген ресми хабарламада.
Газ беруді уақытша тоқтату мына мекенжайларды қамтиды: Басықара батыр; Нұрбесік; Бақтыбай Ақын; Құлтума Ақын; Таңжарық; Жолдыұлы; Базарлық; Ақтолқын; Бастаңғы; Болашақ; Сұлама және Ізенді орамдары.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарлама жіберіледі.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда «Qazaqgaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 55-89-76; 8 (705) 597-02-04