Ол зардап шеккендерге келтірілген шығынды толық өтеген
Қазақстанда Instagram желісі арқылы 121 адамды тақырға отырғызған интернет-алаяқтық әшкереленді. Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны зардап шеккендерге келтірілген шығынды толық өтеп, темір тордан аман қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу мәліметінше, күдікті 2024 жылы сыбайластарымен бірге Instagram-да «Dake_87057380827» атты жалған парақша ашқан. Оқырманның сеніміне кіру үшін ол бөгде тұлғалардың деректерін пайдаланып, өзін «инвестор» ретінде таныстырған.
Алаяқтар қолданған басты айла-шарғылар:
Алаяқтардың арбауына еліміздің түкпір-түкпірінен 121 азамат сеніп, өз қаражаттарын аударған. Қылмыстық топтың жымқырған жалпы сомасы 8,9 млн теңге. Күдіктілер бұл ақшаны «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Бас прокуратураның хабарлауынша, сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған.
«Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның толық өтелуіне байланысты, оған бас бостандығынан айыру жазасынан басқа үкім тағайындалды», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енді.