Шымкентте сот төрт баласына қатыгездік танытқан әйел адамды ата-ана құқығынан шектеді

Оған қатысты сот отырысы өтті

Шымкентте сот төрт баласына қатыгездік танытқан әйел адамды ата-ана құқығынан шектеді
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері бойынша арнайы ауданаралық сотында Білім басқармасының ата-аналық құқықтарды шектеу және алимент өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс бойынша жауапкер ретінде Э. азаматшасы – төрт кәмелетке толмаған баланың анасы қатысты.

Істің мән-жайы

Сот талқылауы барысында мына деректер анықталды:

  • Жауапкер кәмелетке толмаған төрт баланың анасы болып саналады;
  • Балалардың әкесі қазіргі уақытта шетелде жүр;
  • Анасы тарапынан балаларға қатыгез қарау фактілері тіркелген.

Сонымен қатар, балалардың әкесіне бұл оқиғалар жайлы хабарланғаны атап өтілді.

Сот шешімі

Сот Қазақстан Республикасының «Некеге (ерлі-зайыптылыққа) және отбасыға» қатысты кодексінің нормаларына сүйене отырып және кәмелетке толмағандардың мүддесін басшылыққа ала отырып шешім қабылдады жауапкердің ата-аналық құқықтарын шектеу; Білім басқармасының талап арызын қанағаттандыру.

Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.